ҚМА М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЗУ университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚМА М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЗУ университетімен  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін ҚМА төрағасы Ж.Қ.Элиманов М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетіне іс-сапармен барды.

Сапар барысында КАЗГЮУ ректоры Т.М.Нәрікбаевпен кездесу өтіп, онда студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған университет базасында «Қаржылық қауіпсіздік» бірлескен білім беру бағдарламасын ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ университеттің үздік түлектерін қаржылық мониторинг органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі