
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «Тұран» Университеті және ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Халықаралық желілік институтымен бірлесіп қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиадасының шеңберінде алдын ала (іріктеу) іріктеу кезеңін өткізеді.
Олимпиада Жастардың қаржы-құқықтық сауаттылығын арттыруға, қаржы және экономикалық қауіпсіздік саласындағы заманауи трендтерді, қаржы мониторингі саласындағы ғылым мен технологияларды дамытудың жаңа бағыттарын көрсетуге, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қаржы саласындағы тәуекелдер мен қатерлерге қарсы тұруға үйретуге арналған.
Қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиада-бұл:
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
1-ші алдын ала (іріктеу) кезеңі «Тұран» университетінің алаңында өтеді. Кезең онлайн форматында өткізіледі.
Тіркелу «Тұран» университетінің сайтында 2022 жылдың 19 мамырына дейін қол жетімді.
Олимпиадаға қатысуға: бизнес және басқару, құқық, әлеуметтік ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша білім алатын ҚР жоғары оқу орындарының бакалавриат білім беру бағдарламаларының студенттері, Ғылыми-педагогикалық бейіндегі 1 курс магистраттары шақырылады.
1-ші іріктеу кезеңінің жұмыс тілдері: қазақ, орыс
2-ші қорытынды (финалдық) кезең «Сириус» федералдық аумағында (Сочи қ. РФ) – 2022 жылғы 10-14 қазан аралығында өтеді.
«Тұран» Университеті алаңындағы олимпиаданың 1-ші алдын ала іріктеу кезеңі мәселелері бойынша:
Селезнева Ирина Владимировна – «Тұран» университетінің «Қаржы» кафедрасының меңгеруші.
тел: +77015556067
e-mail: fin_olimpiada_2022@turan-edu.kz
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі