
Қаржылық мониторинг агенттігінің астаналық департаменті ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру саласындағы қылмыстық әрекеттің жолын кесу операциясын жүргізді.
Ұсталған адамдар тобы өздерінің іс-әрекетімен мемлекетке 6 миллиард теңгеден астам сомада залал келтірген.
Олар заңды рәсімдерді айналып өтіп қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысып, қызметтер көрсетпей, жұмыстарды орындамай және тауарлар іс жүзінде тиеп-жөнелтілмей бақылаудағы 35 кәсіпорыннан жалған шот-фактуралар жазып берген.
Сот барлық алты кінәліні нақты мерзімге бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
Барлық айыпталушылар 10 жыл мерзімге кәсіпкерлік қызметте басшылық лауазым атқару құқығынан айырылды.
Төленбеген салықтар камералдық бақылау мен салықтық аудит шеңберінде контрагенттерден толық көлемде өндіріп алынады.
Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономика саласындағы қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырумен, заңды тұлғалармен жарамсыз мәмілелер жасаумен, жалған бухгалтерлік құжаттарды ұсынумен айналысатын қылмыстық топтарды жою бойынша тұрақты түрде адал бизнесті «бір күндік фирмалармен» байланыста болудан қорғауға мүмкіндік береді, мемлекетке айтарлықтай зиян келтіру қаупін азайтады.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі