ҚМА-да ашық есік күні өтті

ҚМА-да ашық есік күні өтті

   

         А.ж. 13 сәуір күні ЕХРО павильонының базасында ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қаржылық барлау бөліміне дарынды жастарды іріктеу өтті. Шараға Нұр-Сұлтан, Алматы және еліміздің бірқатар облыстарынан 100-ден астам үміткер қатысты.

         Таныстыру шарасы барысында Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері жұмыстың негізгі бағыттары, ведомствоның құрылымын, жұмыстың артықшылықтары және бос лауазымдарға орналасуға үміткерлерге қойылатын талаптар туралы айтты.

         Осылайша, қаржылық барлау қатарында жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардың экономика және қаржы саласындағы жоғары білімі, техникалық немесе IT мамандығы болуы керек.

         Барлық қатысушылар сауалнама толтырып, оның нәтижелері бойынша ҚМА Қаржылық барлау бөлімінің кадрлық резервіне енгізу үшін іріктеу кезеңі (IQ тестілеу, эссе жазу) өткізіледі.

         Еске салайық, бүгінде Агенттік Халықаралық бағдарламалар орталығымен («Болашақ»), сондай-ақ Қазақстан Республикасының рейтингтік жоғары оқу орындарымен техникалық және IT мамандарын даярлау және қайта даярлау саласында ынтымақтастық жасайды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі