Түркістан облысының тұрғыны жалған долларларды сатқан

Түркістан облысының тұрғыны жалған долларларды сатқан

Жалған ақша жасаумен күрес – Қаржы мониторингі агенттігінің басым бағыттарының бірі.

Түркістан облысының тұрғыны жалған долларларды сатқан. Ол 100 долларлық банкноттарды 9300 АҚШ доллар сома көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде әшкереленді.

Қылмыс жасаған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасуда.

ҚМА жалған банкноттар туралы +7 7172 708 478 сенім телефоны арқылы дереу хабарласуға шақырады.

Жалған ақшаны анықтау қылмыс болып табылмайды, алайда мұндай банкнотты сату – қылмыстық жауапкершілік.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі