Көкшетауда заңсыз ойын орындары жабылды

Көкшетауда заңсыз ойын орындары жабылды

Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу қызметі жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Көкшетау қаласының аумағында заңсыз әрекет әтетін 4 ойын орындарының жұмысының жолы кесілді.

Қарау барысында 3 млн. теңгеге жуық ақша қаражаты, компьютерлік техника, ойын (лото) терминалдары, телевизорлар және т.б. алынды. 

Басқа ақпарат тергеу жүргізілуіне байланысты жариялануға жатпайды.

Казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жататындығын ескертеміз. Казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының көрсетілген аумақтарынан басқа жерде орналастыруға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы ойын мекемесiн заңсыз ашқаны, ұстағаны немесе олар үшін үй-жайлар бергені, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Егер сізге заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру саласындағы қылмысқа дайындалу не жасалғаны белгілі болған жағдайда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметіне тәулік бойы 8 (7172) 70-98-20 сенім телефоны арқылы немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік 10 мекенжайына жеке келіп хабарласуыңызды сұраймыз.  

Аумақтық Экономикалық тергеу қызметінің телефондары мен мекенжайлары www.kfm.gov.kz сайтында көрсетілген.