Экономикалық контрабандамен айналысқан шетелдік азамат ұсталды

Экономикалық контрабандамен айналысқан шетелдік азамат ұсталды

       Экономикалық контрабанда қашанда кез-келген елге түзетілмейтін зиян келтіреді және көлеңкелі экономиканың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

        Мәселен, Маңғыстау облысы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған құжаттарды пайдалана отырып, "жалған транзит" схемасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағына салмағы 22 тонна темекілерді заңсыз әкелуді жүзеге асырған шетелдік азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

        Бұған дейін әзірленген қылмыстық жоспар бойынша қаскүнем Маңғыстау облысының "Құрық" теңіз портынан Жамбыл облысына дейін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы «Әзірбайжаннан Ауғанстанға» транзитке жалған мәлімделген темекілерді бар жүк көлігін айдаған, алайда Алматы облысының аумағында заңсыз жүк түсіру кезінде қылмыс үстінде ұсталды.

        Сот бас бостандығынан айыру жазаны тағайындады, пайдаланылған жүк көлік пен заңсыз әкелінген темекілер мемлекет кірісіне айналдырылды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі