Түркістан облысының аумағында алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цехтар анықталды

Түркістан облысының аумағында алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цехтар анықталды

ҚМА Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1981 жылы туылған Түлкібаc ауданының тұрғыны «М» есімді азамат ұйымдастырған қасақана есепке алу-бақылау маркаларын (ҰКМ) қолданып контрафактілік алкоголь өнімдерін дайындау және өткізу бойынша цехты аңықтады.  

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының Түлкібас ауданы Т.Рысқулов ауылында бірнеше мекен жайларда «М» есімді азаматпен ұйымдастырылған 2 заңсыз арақ өнімдерін шығару цехтары жойылды.

Тінту кезінде 3 453 дана жасанды есепке алу-бақылау маркалары, 410 литр құрамында спирті бар сұйықтықтар, 1381 атақты брендтердің бөтелке арағы, 1 552 дана бос бөтелке дайындамалар, 113 дана атақты брендмаркалы заттаңбалар, танымал бренд қаптамалар материалдары мен өндірістік жабдықтар тәркіленді.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі