
Мемлекет басшысының шетелде заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару туралы тапсырмасын орындау аясында, Қаржылық мониторинг агенттігі «Delta Bank» АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады.
Анықталғандай, 2012-2017 жылдар аралығында Н.С. Тлеубаев (Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің тізімінде болған) көрінеу қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банк қаражатын алып шығарды.
Заңсыз несиелер квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың, ірі коммерциялық ұйымдардың депозиттері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың депозиттері есебінен берілді.
Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының жалпы құны 48 миллиард теңгеден асатын мүлкіне, 5 қант зауытына, 20-дан астам жер теліміне, 70 жылжымайтын мүлік объектілеріне және 40 көліктеріне тыйым салынды.
Бұған сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Латвия мен Чехия Республикаларында, Ресей Федерациясында орналасқан активтерге тыйым салынды.
Бүкіл кезеңгі қылмыстық әрекеттін келтірілген залалы 200 миллиард теңгені, 200 миллион АҚШ долларды және 4 миллион еуроны құраған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді, іс бойынша айыпталушылар қамауда отыр.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі