ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық Департаменті 2015-2019 жылдар аралығында Құдайқұлов А.Б. жұмыс көлемін асыра бағалау арқылы «ҚТЖ» ҰК АҚ жалпы сомасы 57 млн. теңгеден астам қаражатты жымқырғанын Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің стансаларында жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде анықтады.
Тергеу амалдары арқылы бюджетке келтірілген залалдың 80 пайызы өтелді, қалған сомаға медиация келісімі жасалды.
Сот үкімімен Құдайқұлов А.Б. 6 жылға (шартты түрде) бас бостандығынан айырылды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі