Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласында «GAP» өндірістік кооперативінің атын жамылған тағы бір қаржы пирамидасын әшкерледі

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласында «GAP» өндірістік кооперативінің атын жамылған тағы бір қаржы пирамидасын әшкерледі

Сенгіш азаматтармен үй немесе көлік сатып алуға қаржылық көмек ету туралы келісім жасаған күдікті анықталды.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысына қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабында мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Құрметті азаматтар абай болыңыздар! Жинақтарыңызды күмәнді қаржы ұйымдарына салмауңызды өтінеміз.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі