Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) 26-шы пленарлық отырысына қатысу туралы

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) 26-шы пленарлық отырысына қатысу туралы

Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері 2017 жылғы 22 – 26 мамыр аралығында Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) ЕАТ 26-шы Пленарлық отырысына және жұмыс топтарының отырыстарына қатысты.

Іс-шараларға ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің делегациялары қатысты: Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан, сондай-ақ ЕАТ бақылаушы мемлекеттер мен ұйымдардың өкілдері: Армения, Иран, Италия, Корея, Моңғолия, Польша, Сербия, АҚШ, Түркия, Франция, Черногория, ФАТФ, АТТ, МЕНАФАТФ, «Эгмонт» тобы, ТМД Терроризмге қарсы орталығы, ТМД-ның Терроризмге қарсы орталығы (ТМД ТҚО), Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК), Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), БҰҰ Контртеррористік Комитеті (БҰҰ КТК), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), БҰҰ-ның есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы (ШЫҰ ӨТҚҚ) ұсынған). 

Пленарлық аптаның барынша маңызды мәселелері:

Пленарлық отырыс ИГИЛ террористік ұйымының қызметіне байланысты мәселелерді қарады және мүше мемлекеттерді оны қаржыландыруға қарсы күресте күш-жігерді жандандыруға, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сәйкес Қарарларын тиімді имплементациялауға шақырады. 

Қазіргі уақытта өзара бағалаудың бірінші раунды аяқталды, ЕАТ барлық мүше мемлекеттері мониторинг рәсімдерінен шығарылды және екінші раундқа дайындық жүргізілуде (бекітілген кестее және рәсімдерге сәйкес).

Қазақстан ЕАТ-тың басқа мүше мемлекеттерімен қатар заңнаманы жетілдіру және бағалаудың екінші раундына дайындық шеңберінде тәуекелдерге ұлттық бағалауды жүргізуге дайындық бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты ұсынды.

Өзара бағалаудың 2-ші раундына дайындық шеңберінде ЕАТ ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында халықаралық стандарттарды ендірудің үздік практикалары бойынша шолу семинарларын өткізу жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Талдамалық қызметтің ең үздік практикаларымен, типологияларымен және автоматтандыру тәжірибесімен алмасу бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Мынадай зерттеу тақырыптары бойынша жұмысты бастауға: «Сақтандыру компаниялары арқылы кірісті жылыстату», «Террорист-содырларға билеттер сатып әперу жолымен террористік ұйымдарға көмек көрсететін тұлғаларды анықтау» және ФАТФ алаңында өткізілетін «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату жөніндегі кәсіби желілер» жобасына қатысуға шешім қабылданды.

ЕАТ-тың келесі 27-ші Пленарлық отырысы 2017 жылғы қарашада Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтеді.