ҚМА Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания ретінде жасырылған «EDEN LIFE» қаржы пирамидасының жолын кесті.
Ұйымдастырушылар басқа салымшылардың қаражатын тарту арқылы пайда болған тиімді сыйақыны алуға кепілдік бере отырып, сенгіш азаматтарға инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды.
Алдын ала келісім (сөз байласу) бойынша бір топ тұлғалардың қаржылық (инвестициялық) пирамида схемасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Осыған байланысты Агенттік азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.
Егер Сіз немесе Сіздің Жақындарыңыз «EDEN LIFE» қызметіне тап болсаңыздар, Алматы қаласының ЭТД-не хабарласуларыңызды сұраймыз (Жібек жолы даңғылы, 127).
Байланыс телефондары: 8-747-592-43-24, 8-701-858-67-67, 8-747-582-00-82
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі