2017 жылдың 20 қыркүйегінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетімен Астана қ. ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесімен бірлесіп «Терроризмді қаржыландыру мақсатында коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) теріс пайдаланушылығын болдырмау бойынша ең жақсы тәжірибелер және халықаралық стандарттар» семинар-тренингі өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің, Қазақстан Республикасы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және «Ақниет ақпараттық-насихатшылық орталығының» Қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
Семинар қатысушыларына алғы сөзінде, Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының орынбасары, Айдар Зейнуллаевич Мекебеков мынаған ерекше көңіл аударды: «Бүлдіргіш күштерді қаржыландырумен және шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес Мемлекет башысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауында басым міндеттердің бірі болып анықталды». Сондай-ақ қатысушылардың назарын қайырымдылық немесе коммерциялық емес ұйымдардың, оларды террористерді қызықтыратын және терроризмді қаржыландыру мақсатында заңсыз пайдалану үшін осал ететін сипаттамаларға ие екендігіне аударды.
ЕҚЫҰ елшісі Дьердь Сабо өзінің сөз сөйлеуінде коммерциялық емес ұйымдардың бүлдіргіш күштердің заңсыз әрекетінің құрбандары болатынына және КЕҰ-дарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан қорғау үшін қолданылатын іс-шаралар КЕҰ қызметінің қайырымдылық немесе басқа заңды түрлеріне бөгет жасауы немесе кедергі болмауы тиіс және бұнда халықаралық сарапшыларды тарту қажет екендігіне көңіл аударды. Сондай-ақ ол Сербия мен Италиядан шақырылған халықаралық сарапшылардың жоғары кәсіпқойлығын атап өтті.
Іс-шаралар шеңберінде КЕҰ-дарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдалану сұрақтары, Қаржы іс-шараларын әзірлеудің 8 тобының Ұсынымын ұлттық имплементация (ФАТФ) және КЕҰ-дарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдалануды болдырмау бойынша елдердің ең жақсы тәжірибелері және берілген сектордың қаржылық ашықтығы талқыланды.