Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері 2017 жылғы 21-қарашадан 24- қарашаға дейінгі мерзімде Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы) 27-нші Пленарлық отырысқа және ЕАТ жұмыс топтарының отырыстарына қатысты.
Іс-шараға ЕАТ мүше мемлекеттерінің делегациялары қатысты: Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан, сондай-ақ ЕАТ-та бақылаушы мемлекеттер мен ұйымдар өкілдері: Армения, Иран, Италия, Корея, Моңғолия, Польша, Сербия, АҚШ, Туркия, Франция, Черногория, ФАТФ, АТГ, МАНИВЕЛ, «Эгмонт» тобы, ТМД терроризмге қарсы орталығы (ТМД ТҚО), Дүниежүзілік банк, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК), Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ), Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), БҰҰ Терроризмге қарсы комитеті (БҰҰ ТҚК), Халықаралық валюталық қор (ХВҚ), ЕҚЫҰ, БҰҰ Есiрткi және қылмыс жөнiндегi басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), сондай-ақ Пленарлық отырыспен шақырылған Әзербайжан өкілдері мен Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығы (ОАӨАҮО).
Пленарлық аптаның аса маңызды сұрақтары:
2018-2019 ж. мерзіміне ЕАТ Төрағасы болып Цзиньхуа ХАО (Қытай) ханым, Төраға орынбасары болып – Чиханчин Ю.А. (Ресей) тағайындалды.
Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығына (ОАӨАҮО) бақылаушы мәртебесі ұсынылды.
Тиісті іс-шараларға, сондай-ақ ФАТФ шеңберінде жүргізілетін зерттеулерге қатысты өзектендірілген ақпарат қарастырылды.
Пленарлық отырыспен 2017 жыл үшін ЕАТ Хатшылығының жұмысы туралы есеп және 2018 жылға ЕАТ Жұмыс жоспары бекітілді.
Халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара әрекеттесуді кеңейту шеңберінде Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ пен Қаржы мониторингінің халықаралық оқу-әдістемелік орталығы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстанмен ЕАТ-тың басқа мүше мемлекеттерімен қатар заң шығаруды жетілдіру және бағалардың екінші раундына дайындық шеңберінде тәуекелдерді ұлттық бағалауды жүргізу бойынша жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат ұсынылды.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетімен (әрі қарай – Комитет) «Құқық бұзушылыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға бағытталған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты қаржы ағынының құрылымдық талдауы» тақырыбына типологиялық зерттеу бойынша қорытынды есеп ұсынылды және Пленарлық отырыспен бекітілді. Аталған зерттеу бойынша жұмыс ЕАТ мүше мемлекеттері мен бақылаушыларының қатысуымен Қазақстанның басшылығымен соңғы екі жыл ішінде жүргізілді.
Комитет талдаушылары «Бюджетке нұқсан келтіру нәтижесінде қылмыстық жолмен алынған кірістердің ізін жасыру» тақырыбына КЖ/ТҚҚІҚ жүйесі қатысушыларының ең жақсы өзара әрекеттесуіне байқауға қатысты.
Байқауға 7 іс ұсынылды: Беларусь, Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан.
Байқау жеңімпазы Ресей Федерациясының қаржылық тергеуі танылды, Байқау лауреаттары Қазақстан және Өзбекстан болды.
ЕАТ-тың келесі 28-нші Пленарлық отырысы 2018 жылғы мамырда Қытай Халық Республикасының Нанкин қаласында болады.