2017 жылғы 20-қарашадан 22-қарашаға дейінгі мерзім аралығында Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері ҚБББК-нің 10-ыншы отырысына және жұмыс топтарының отырыстарына қатысты.
Кеңес жұмысына ҚБББК құру туралы келісімнің қатысушы мемлекеттерінің қаржы барлау бөлімшелерінің делегациялары қатысты: Армения Республикасы Орталық банкінің Қаржы мониторингі орталығының, Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің Қаржы мониторингі департаментінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің, Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Қаржы барлау мемлекеттік қызметінің, Ресей Федерациясының Қаржы мониторингі жөніндегі Федералдық қызметінің, Тәжікстан Республикасының Ұлттық банкі жанындағы Қаржы мониторингі департаментінің, сондай-ақ Үндістан Республикасының қаржылық барлау бөлімшесінің делегациясы (бақылаушы ретінде) және Атқару комитетінің және ТМД-ның салалық ынтымақтастық органдарының шақырылған өкілдері.
Отырыс барысында сондай-ақ кірістерді жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күресу саласында тәуекелдерді төмендетудің, 2019–2023 жылдарына қылмыскерлікпен күресудің бірлескен іс-шараларының мемлекетаралық бағдарламасының, оларды кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру үшін пайдалануды болдырмау мақсатында электрондық төлем жүйелерін реттеу үшін ұсынымдарды жасаудың сұрақтары талқыланды.
Жаппай жою қаруын таратуды қаржыландырумен күресу және ТМД қатысушы мемлекеттерінің қаржылық барлау бөлімшелері арасында ақпаратпен алмасу тәжірибесі саласында бірыңғай амалдар қажеттілігінің мәселесі қозғалды.
ҚБББК өзінің құрылған сәтінен бастап тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайту, заманауи сын-тегеуріндер мен қауіптерге бірлескен қарсы әрекет ету бойынша іс-шараларды қатаң және жүйелі түрде іске асырады.
Бұл мақсаттарда құқықтық қорды жетілдіру бойынша көп нәрселер жасалды. 2017 жылғы 11 қазанда ТМД Мемлекеттері елбасыларының Кеңесімен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ТМД қатысушы мемлекеттерінің ынтымақтастық концепциясы мақұлданды.
Қазіргі уақытта Ынтымақтастықтың қатысушы мемлекеттерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартының жобасын келісудің мемлекет ішіндегі рәсімдері жалғасуда.
2017 жылғы 5 желтоқсанда ТМД ҚБББК бес жыл толады. Қаржы барау бөлімшелерінің ынтымақтастығы ТМД кеңістігінде КЖ/ТҚҚІҚ жүйесінің барлық қатысушылары арасында нәтижелі өзара әрекеттесуді құруға мүмкіндік береді.