Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір майнингтік ферманың заңсыз қызмет фактісі аңықталды

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір майнингтік ферманың заңсыз қызмет фактісі аңықталды

ҚМА елордалық департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп өнеркәсіптік аймақ аумағында майнингтік ферманы анықтады.

Тексеру барысында 3 Теңіз контейнердің ішінде 1170 бірлік мөлшерінде "ANTMINER E3", "WHATSMINER M20S", "ANTMINER T17", "ANTMINER L3+" майнингке арналған цифрлық жабдықтың 4 түрі табылды.

Ақшалай түрде өндірілген криптовалютаның алдын-ала мөлшері шамамен 2,5 миллион АҚШ долларын құрайды.

ҚР ҚК 214-бабы 1-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі