Терроризмді қаржыландыруға күресу жөніндегі халықаралық министрлік конференциясына қатысу туралы

 Терроризмді қаржыландыруға күресу жөніндегі халықаралық министрлік конференциясына қатысу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері 2018 жылдың 25-26 сәуірінде Парижде (Франция) өткен Франция президенті Э. Макронның бастамасымен ұйымдастырылған Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық министрлер конференциясына қатысты.

ЭЫДҰ ғимаратында өткен іс-шараға әлемнің 70 мемлекетінің және 15 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылардың пікірінше форумның ұсынылған форматы терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы техникалық (сараптамалық консультациялар) және саяси (министрліктердің қатысуы және бірлескен декларацияны қабылдау) біріктіруге мүмкіндік берді.

Конференцияның министрлік сегментінің жұмысында «терроризмді қаржыландыру көздерін анықтау» және «террористік қаржыландыру арналарын басу» тақырыптарында бір мезгілде екі «дөңгелек» үстелдер өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар «сұрақ-жауап» форматында пікірталас өткізді.

Француз Республикасының Президенті Эммануэль Макрон мырза министрлер конференциясының шеңберінде атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды және сарапшылармен бірлесе дайындалған декларацияны қабылдауға және терроризмді қаржыландырумен күрестегі қазіргі және келешек мәселелер бойынша қырағылық пен ынтымақтастықты арттыру бойынша міндеттемелерді қабылдауға мүмкіндік берді.