
Маңғыстау облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша «World Business Consulting» крмпаниясына қатысты қылмыстық іс тергелуде.
«World Business Consulting» компаниясы өзіне сенген азаматтардың жарналарын қабылдап, 2018 жылдан 2022 жылға дейін тұрақты сыйақы алуға уәде берген.
Шын мәнінде, компанияда заңды кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табыс болған жоқ, ал қатысушылардың сыйақысы кейінгі салымшылардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілді.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен "World Business Consulting" компаниясының директоры Жүгінбаева Жеміс ұсталды.
Еске сала кетсек, бұған дейін аталған қаржы пирамидасының қызметін Агенттік былтырғы жылы Алматы қаласында тоқтатқан болатын.
Құрметті азаматтар!
Егерде Сіз немесе Сіздің Жақындарыңыз "World Business Consulting" қаржы пирамидасының салымшылары ретінде болсаныздар, Маңғыстау облысы бойынша ҚМА департаментінің телефондар нөмірлеріне хабарласуыларыyызды сұраймыз: 8 (7292) 40 36 59 немесе 8-706-419-76-79.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі