Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті ҰҚКД және СЖҚД қызметкерлерімен бірлесіп Түркістан облысында заңсыз майнинг фактісін анықтады.
Шардараның ГЭС маңында орналасқан аумақта майнинг өндіруші ферма Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, аса ірі көлемде кірістерді өндіріп отырған.
Құрал-жабдықтардың саны 2899 бірлік көлемінде анықталған. Жабдықтардың болжамды құны 1 млрд теңгеден асады
Криминалисттің қорытындысына сәйкес, 2021 жылдың наурыз-желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған кірістер көлемі 450 млн теңгеден астам құраған.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі