"Елім-Ай тұтынушылар кооперативі" қаржы пирамидасы

"Елім-Ай тұтынушылар кооперативі" қаржы пирамидасы

Алматы облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша «Елімай – 2019» тұтынушылар кооперативінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Тергеу барысында қаржы пирамидасының басшылары 2019 жылғы қарашадан бастап 2021 жылғы қарашаға дейін пайызсыз қарыздар беру арқылы жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға жәрдем көрсету дегенге еліміздің 12 өңірлерінің аумағында 2000 салымшыдан 1,3 млрд.теңге тартты деп анықталды.

Тұтынушылар кооперативінің құрылтайшылары оның тіркеуге және қаржы-шаруашылық қызметке нақты қатысы жоқ, құрылтай және басқа құжаттарға ешқашан қол қойған емес.

Тұтынушылар кооперативі өз қызметін қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жүзеге асырды.

Қазіргі таңда жәбірленуші деп танылған 350-ден астам азаматтар Қаржы пирамидасының басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәлімдемелермен жүгінді.

Соттың санкциясымен аталған кооперативтің есеп айырысу шоттарында орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне, қаражаттарына бұғат қойылған.

Екі күдіктілерге тергеу сотының қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Шымкент қаласының, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​және Түркістан облыстарының департаменттері аталған өңірлерде қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Прокуратураның үйлестіруімен дәлелдемелерді жинау, сондай-ақ күдіктілер шығарған активтерді іздеу бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Құрметті азаматтар!

Сіздерді қырағы және сақ болуға, қысқа мерзімде артық пайда алу үшін күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырамыз! «Елім-ай» тұтынушылар кооперативі» қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, дереу Қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефонына +7 (7172) 708-478 хабарласуыңызды сұраймыз.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі