ҚМА-ның астаналық департаментінің қызметкерлері электр желісіне заңсыз қосылған майнинг фермасын анықтады.
Тексеріп-қарау барысында "bitcoin" цифрлық криптовалюта өндіруге арналған 159 дана майнинг жабдығы табылды.
2021 жылғы қарашадан бастап 2022 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде ақшалай мәнде 48 498 АҚШ доллары (21 145 128 теңге) мөлшерінде өндірілген криптовалютаны қолма-қол ақшаға айналдыру жүргізілген.
ҚР ҚМА баспасөз қызметі