Алматыда майнингтік ферма анықталды

Алматыда майнингтік ферма анықталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп, ҚР заңнамалық актілерінің нормаларына қарамастан цифрлық майнинг қызметін жүзеге асырған Алматы индустриялық аймағында орналасқан "майнингтік" ферманы анықтады".

Тергеу сотының санкциясымен жүргізілген тінту барысында 6 контейнерде майнингттік фермаларында криптовалютаны өндіруге арналған шифрлау кешені бар 700-ден астам жабдық анықталып тәркіленген болатын.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

 

                                                                                                                   ҚР ҚМА баспасөз қызметі