
Түркістан облысы бойынша ҚМА департаментінде ЖШС-не қатысты ҚР ҚК-нің 234 бабының 2-ші бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.
05.02.2022 жылы Сарыағаш ауданындағы «Капланбек» кеден бекетінде 9 жүк-автокөлік тоқтатылып, тексеру барысында Қазақстан Респуликасынан Ауғаныстан Республикасына отандық өнім-өсімдік майларын алып өтпекші болған.
Контрабандалық тауардың жалпы құны 97 млн. тенгеден астам.
ҚР ҚПК-нің 201- бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлаймыз.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі