Атырау облысында бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықталды

Атырау облысында бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықталды

Атырау облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментімен әлеуметтік объектілердің (мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені) құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегімен «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

10.02.2022 жылы қылмыстық іс шеңберінде Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары (қазіргі таңда Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары) Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

                                                                                                                  ҚР ҚМА баспасөз қызметі