Қаржылық мониторинг органдары Қарағанды облысында заңсыз майнингтік қызмет фактісін анықтады

Қаржылық мониторинг органдары  Қарағанды облысында заңсыз майнингтік қызмет фактісін анықтады

ҚР Президентінің "Сарыарқа АЭА құру туралы" Жарлығының, сондай-ақ "арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" ҚР Заңының талаптарына қарамастан АЭА аумағында майнинг фермасы заңсыз орналастырылды.

Мемлекет басшысының майнинг өндіруші шаруашылықтарды анықтау бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде ҚМА Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаменті майнингтік шаруашылығын пайдалануға 4 контейнерлер (40 тонна) тартылғанын анықтады, оларда майнинг өндіруге арналған 1173 техника болды.

Барлық жабдықтардың бағалау құны 5,87 миллион АҚШ долларды немесе 2,5 миллиард теңгеге жетеді.

"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тіркелді.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Айта кету керек, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы әртүрлі жабдықтар, машиналар мен техникалар шығару, металлургия өнеркәсібі, құрылыс, электр қуатымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен қамтамасыз ету үшін құрылған.

 

ҚМА Баспасөз қызметі