Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Павлодар облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаментімен дизель отынын өндіру процесін компаундирлеу бойынша "ПМХЗ" ЖШС функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС Бас директоры О. Б. Алсеитов және басқада тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде,

"ПМХЗ" ЖШС директоры О.Б. Алсеитовке қатысты мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Аталған фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҚР ҚМА баспасөз қызметі