Құқық бұзушылыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға бағытталған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты қаржы ағынының құрылымдық талдауы

Құқық бұзушылыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға бағытталған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты қаржы ағынының құрылымдық талдауы

ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімдерімен бірлесіп «Құқық бұзушылыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға бағытталған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты қаржы ағынының құрылымдық талдауы» зерттеу жұмысын жүргізуде.

Бүгінгі таңда ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің басым көпшілігі үшін ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру өзекті мәселе болып табылады, себебі бақыланбайтын ақша жиыны көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық көлемінің артуына жағдай жасап отыр.

Ірі көлемде негізсіз қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған ақшалай қаражат көбінесе түрлі қылмыстар жасау нәтижесінде пайда болады. Мысалы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету (бюджеттік қаражатты ұрлау), пара  алу жөніндегі жемқорлық іс-қимылар, шаруашылық жүргізу субъектілерінің салықтан жалтаруы.      

Жалған фирмалар заңсыз ақшаны жария ету үшін көптеген құралдарды пайдаланып, ақыр-соңында оны қолма-қол ақша жиынына айналдырады. Олардың есептеріне астыртын әрекеттерді ұйымдастырушылардан заңды негізде ақша түсіп отырады. Одан ары бұл фирмалар жоқ болып кетеді, ал ұйымдастырушылар келісімді орындамағандары үшін оларға еш талап-тілек білдірмейді немесе формалды түрде білдіреді.

Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру тәсімі негізінде банк жүйесін басымдықты пайдалану қағидасы бар.

Бүгінгі таңда қаржылық қызметтердің жетілуі мен олардың қолжетімділігі қылмыстық ақшаны қысқа уақыт ішінде ұйымдастырушылар тәсіміндегі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға және жылыстатуға мүмкіндік береді. 

Қаржылық барлау бөлімдерінің қаржы операциялары (мәмілелер) жөніндегі мәліметтер ауқымын аналитикалық өңдеу мүмкіндігі есебінен, құқық бұзушылыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға бағытталған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты қаржы ағындарын анықтауға арналған әлеуеті бар.

Осы зерттеулердің негізгі бағыттары:

- құқық бұзушылыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға бағытталған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты қаржы ағындарының типологиясын анықтау;

- АЖ/ТҚ белгілері бар операцияларды жасау тәуекелі тұрғысынан ерекше көңіл бөлуді талап ететін банктер, банктік емес қаржылық ұйымдар қызметіндегі осал тұстарын анықтау;

- қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы күреске бағытталған алдын алу шараларын қарастыру.