
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті мен Канаданың Қаржылық транзакциялар мен есептерді талдау орталығы Заңсызжолмен алынған кірістерді жылыстатудың алдын алу саласында өзара іс-қимыл жасасу туралы Меморандумға қол қойды.
Осы Келісімге қол қойылуы ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы жаһандық күресте қаржылық ақпаратпен алмасу арқылы Қазақстан мен Канаданың қаржылық барлау бөлімдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.