
2017 жылғы 18 сәуірде Түрікменстанның Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25 жыл толуына арналған Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Түрікменстан Республикасының Қаржы министрлігі арасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
Келісімқылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен байланысты деген күдік бар ақша қаражатымен немесе басқа да мүлікпен операциялар туралы, сондай-ақ осы операцияларға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпаратпен алмасуға бағытталған.