Құттықтау

Құттықтау

Құрметті қазақстандықтар!

         Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 26 жыл толу мерекесіне байланысты құттықтауымды қабыл алыңыздар. Аталмыш мереке шын мәнінде біздің мемлекетіміздің бостандығы мен күш-қуатының белгісі іспеттес.

Егемендігін алған кезден бастап халқымыз Қазақстанның тарихын өздерінің ерен еңбектерімен, айтулы табыстарымен жалғастырып келеді.

Ұлттық рухани жаңғырту жолында үлес қосып жатқан Қазақстан халқына зор денсаулық қажымас қайрат тілеймін.

Егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне Сіздердің қосар үлестеріңіз қомақты, еңбектеріңіз елеулі болсын! Ынтымағы жарасқан мемлекетімізге гүлденіп, көркейе беруіне тілектеспін!

Ізгі тілекмен,

Қаржы мониторингі 

комитетінің төрағасы                                                       Ә. Жұмаділдаев