Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы практикалық тәсілдер мен әдістемелік негіздер» тақырыбына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

Терроризмді қаржыландыруға және ақшаны жылыстатуға қарсы жүйесінде қысқаша қорытындысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға басты қатысушыларды Қаржы министрі Бахыт Сұлтанов салтанатты бөлімін ашып берді.

Сондай-ақ ҚР Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы – Гүлжан Қарагусова, ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаты – Азат Перуашев, Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің өкілі – Ато Браун, Астана қаласындағы ОБСЕ бағдарламасының Кеңсе Басшысының орынбасары – Диана Дигол, Қазақстан Қаржыгерлері Қауымдастығы Кеңесінің төрайымы – Юлия Якупбаева құттықтауларын білдірді, Қаржы мониторингу Комитетінің бұрыңғын төрағасылары М.С. Өтебаев және Б.Ш. Тәжияқов.

Конференцияның ғылыми-практикалық бөлігі э.н.д., профессоры, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі және Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану академиясының академигі – Алданыш Нұрымов баяндамасынан басталды.

«Мамандарды даярлау барысында АЖ/ТҚҚ ұлттық жүйесі туралы» баяндаманы э.ғ.д., профессор, академик, Халықаралық ақпарат академиясының қолданыстағы мүшесі   - Зағира Искакова жасады.

Қазақстан Республикасында ақшалай қаражатты жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының заң пәндері кафедрасының меңгерушісі – Рүстем Нұғманов пікірін білдірді.

«ІСО (криптовалюта) пайдаланумен Интернет желісінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) басқа мүлікті заңдастыруға (жылыстату) қарсы іс-қимыл» тақырыбына баяндаманы ҚР Әділет министрлігі Заңнама институтының қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқарушылық заңнама және соттық сараптама бөлімінің м.а. – Бағдат Нұрғазинов жасады.

ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг комитеті мен Экономикалық тергеу қызметі арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің Оперативтік-іздестіру қызметі департаментінің 1-ші оперативтік басқармасының бастығы – Шыңғыс Дусанов өз баяндамасында бөлісті.

ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг комитеті Ғ1 басқармасының басшысы – Данияр Түкенов «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыбындағы баяндамасын жасады.

Конференцияның ғылыми-практикалық бөлігі ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг комитеті Ғ1 басқармасының бас сарапшысы – Әлия Беисованың «Қазақстан Республикасындағы ақшаны жылыстату, және терроризмді қаржыландырудың алдын алу құралы ретінде тәуекелдерді бағалау» тақырыбына баяндамасымен аяқталды.