Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156 Заңмен «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде:
5-баптың 3-1-тармағы жаңа редакцияда жазылды;
5-бапқа жаңа 3-2-тармақ қосылды;
13-баптың 1 және 4-тармақтарына өзгерістер енгізілді.
2018 жылғы 24 мамырдағы № 156 Заң 2018 жылдың 8 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Өзгерістермен және толықтырулармен Сіздер мына сілтемелер бойынша таныса аласыздар: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1800000156