Қазақстан Республикасының ресми интернет-ресурсында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тұжырымдама жобасына талқылау өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдарының реттеушілік әсерін талдауды жіргізу және пайдалану қағидаларының 21-тармағына сәйкес 2018 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің ресми интернет – сайтында сағат 9-00 ден 18-30 дейін (Астана уақыты бойынша) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тұжырымдама жобасы шеңберінде жаңадан еңгізілетін реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдаулардың нәтижелерін талқылау өткізілетін болады.
Қоғамдық өкілдермен және мүдделі тұлғаларды талқылауға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты: 8 (7172) 74 98 83, 74 97 65 телефондары арқылы алуға болады