Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бйыонша Еуразиялық тобының (ЕАТ) 29-шы Пленарлық отырысында қатысу туралы

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бйыонша Еуразиялық тобының (ЕАТ) 29-шы Пленарлық отырысында қатысу туралы

2018 жылғы 12-16 қараша аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өткен ЕАТ-ың 29-шы Пленарлық отырысында және ЕАТ жұмыс топтарының отырыстарында Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері қатысты.

Аталмыш іс-шараға ЕАТ мүше-мемлекеттерінің делегациялары қатысты, олар: Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан, сондай-ақ ЕАТ мемлекеттері мен ұйымдардың байқаушыларының өкілдері: Армения, Иран, Италия, Корея, Молдова, Моңғолия, Польша, Сербия, АҚШ, Түркия, Черногория, Франция, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ), Азия-Тынық мұхит аймағындағы ақша жылыстатуға арналған топ (АТТ), "Эгмонт" тобы, ТМД терроризмге қарсы орталығы (ТМД АТК), Дүниежүзілік банк (ДБ), БҰҰ (1267) Қауіпсіздік Кеңесінің Комитетінің аналитикалық қолдау және санкцияларды бақылау тобы, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Интерпол, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті, Контртеррористік комитеті, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (РАТС ШЫҰ атынан), Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсоларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО).

Пленарлық аптаның күн тәртібіндегі негізгі мәселе Тәжікстан Республикасының ЕАТ-тың өзара бағалауыныңың екінші раунды шеңберінде бағалау есебінің қорғауы болды.

Тәжікстан Республикасы ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің арасында екінші раунды бойынша бағаланған екінші мемлекет. Қазақстан Республикасында 2019 жылдың қыркүйегінде бағалау процесі басталады.

Кездесудегі қатысушылардың айтуынша, Тәжікстан Республикасының бұрынғы бағалаудан кейін АЖ / ТҚК жүйесін жетілдіруде маңызды жетістіктері бар. Пленарлық отырыс барысында Тәжікстан Республикасының АЖ / ТҚК режиміне қатысты негізгі қорытындылар мен ұсынылған шаралар талқыланды. ФАТФ сапа және сәйкестікті талдау рәсімдерін аяқтағаннан кейін, баяндама EAТ веб-сайтында жарияланады.

ЕАТ бағалауының 2-ші раундын өткізу рәсіміне сәйкес, Тәжікстан республикасы 2019 жылдың қарашасында 31-ші пленарлық отырысында прогресс туралы есеп береді.

Пленарлық отырыста техникалық жетілдірілмеген кемшіліктерді жою және АЖ / ТҚК жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша Қырғыз Республикасының жоспарын мақұлдады, сондай-ақ жоғарыда аталған жоспарды іске асыру үшін ХОӘО және халықаралық донорлық ұйымдарын тарту үшін Қырғыз Республикасының күш-жігерін қолдады.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі комитеттің атынан ұлттық валютамен АЖ / ТҚК тәуекелін бағалаудың аралық нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ, АЖ / ТҚК туралы ұлттық заңнамадағы өзгерістер туралы хабардар етті.

Терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету саласындағы мүше мемлекеттердің практикалық жұмысына қатысты мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар пленарлық отырыс терроризмге қарсы іс-қимыл және оны қаржыландырудың өзектілігін және басымдылығын растады, ЕАТ-қа мүше мемлекеттерге лаңкестік әрекеттермен айналысатын адамдардың тізімдерімен алмасу бойынша жұмысты жалғастыру, оларға қарсы бағытталған қаржы санкцияларын қолдануын жалғастыруға шақырады.

Пленарлық отырыс сақтандыру компаниялары арқылы ақшаны жылыстатумен байланысты типологиялық есепті бекітті. Бұл 2017 жылдың мамыр айында басталған Беларусь, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан қаржы барлау бөлімшелерін бірлесіп зерттеу.

Пленарлық отырыс сақтандыру компаниялары арқылы ақшаны жылыстатумен байланысты типологиялық есепті бекітті. Бұл 2017 жылдың мамыр айында басталған Беларусь, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан қаржы барлау бөлімшелерін бірлесіп зерттеу.

Пленарлық аптаның шеңберінде «Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасауы» тақырыбында АЖ / ТҚК жүйесінің қатысушылары арасындағы үздік өзара әрекеттесу байқауы өтті.

Байқауға Қытай, Ресей, Тәжікстан елдері қатысып, үш жағдай ұсынылды. Дауыс берудің қорытындысы бойынша, байқаудың жеңімпазы Тәжікстан Республикасының қаржылық тергеуі болды.

Техникалық көмек шеңберінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері мен қаржы мониторингі бойынша Халықаралық оқыту-әдістемелік орталығы(ХОӘО) бірлесіп қаржылық мониторинг субъектілері үшін электронды курстарды әзірлеу бойынша жұмысты аяқтады. ҚР ҚМ «Қаржы академиясы» , Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кәсіпорынның құқық қорғау органдары академиясы және Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен бірге оқу материалдары және білім беру бағдарламаларын дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Пленарлық отырыс 2019 жылға арналған ЕАТ-ның іс-қимыл жоспарын бекітті. Олардың негізгі бағыттары АЖ / ТҚК жаһандық желісіне (ФАТФ, ЕАТ, Эгмонт тобының іс-шаралары) қатысуы, ЕАТ-тың аймақтық ұйым ретінде әлеуетін күшейту және АЖ / ТҚК бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау.

Келесі 30-шы ЕАТ-тың Пленарлық отырысы 2019 жылдың мамыр айында Ресей Федерациясында өтеді.