Қаржы мониторингі комитеті ұжымының Балалар үйіне қайырымдылық сапары.

Қаржы мониторингі комитеті ұжымының Балалар үйіне қайырымдылық сапары.

Қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында қайырымдылық сапарымен Мамандандырылған балалар үйінде болып қайтты. 

Мамандандырылған балалар үйі – жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сонымен бірге орталық жүйке жүйесіне органикалық зақым келген, ақыл-ойы мен дене дамуында ақаулықтары бар балаларға медициналық көмек пен тәрбие берумен айналысатын мемлекеттік мекеме.

Балалар үйінде туғанынан 4 жасқа дейінгі балалар орналасқан.

Мереке қарсаңында, Балалар үйінің жаңадан ашылған кіші амфитеатрында, мекеме ұжымы мен бүлдіршіндер өздері дайындаған концерттік қойылым болды. 

«Тұсау кесу» ұлттық салт-дәстүрі мерекенің ең әсерлі сәті болды.

Комитеттің қызметкерлері ұжымның атынан балалар үйінің тәрбиешілер құрамын олардың адал көңілдері мен қамқорлығы үшін алғыс білдіріп, Балалар үйінің жаңа физикалық-емдеу кабинетіне мінуге арналған әткеншекті сыйға тартты.

Осыған ұқсас қайырымдылық шараларын барлық аумақтық Экономикалық тергеу департаментері де өткізіп, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасылардың балаларына басты назар аударылды.