Құқық қорғау органдарының академиясы магистратура мен докторантураға құжаттарды қаблдаудың басталатынын хабарлайды

Құқық қорғау органдарының академиясы магистратура мен докторантураға құжаттарды қаблдаудың басталатынын хабарлайды

Академия міндеттерінің бірі құқық қорғау органдарының қызметкерлерін магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша даярлау болып табылады.

Мемлекеттік жалпы білім беру тапсырысы бойынша 2019 жылы білім беру бағдарламалары бойынша магистратураға 10 және докторантураға 40 қызметкер қабылданады.

Құжаттарды қабылдау: 2019 жылғы 3-25 шілде аралығында.

Қабылдау емтихандары: 10-20 тамыз аралығында.

Академияға түсу үшін келесі талаптар қойылады:

 

Магистратура

 

 

Докторантура Phd

 

 «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1.     Құқық қорғау органының қазіргі қызметкері.
2.     Білімі:
 

     - жоғары

-   жоғары-ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратура

 

-   бейіндік бағыттағы магистратура (педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларын қосымша меңгеру жағдайында)

3.   Құқық қорғау қызметінің өтілі кемінде:

    3 жыл

 5 жыл

Магистратура үшін құжаттар тізімі:

  1. Академия ректорының атына рапорт;
  2. Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
  3. Шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі немесе тестілеу қызметіне ақы төленгені туралы түбіртек;
  4. Құқық қорғау органының жолдамасы;
  5. Ішкі қауіпсіздік қызметінің қорытындысы;
  6. 3*4 көлемдегі алты фотосурет;
  7. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  8. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар бар болған жағдайда);
  9. Ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар немесе дипломдар;
  10. Аттестаттау парағының көшірмесі;
  11. Соңғы қызмет орнынан мінездеме;
  12. Құқық қорғау қызметінің өтілі туралы анықтама;
  13. 086-у нысанындағы медициналық дәрі-дәрмек;
  14. Арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбын беру туралы бұйрықтардан үзінді;
  15. Кадр есебі бойынша жеке іс парағы;

 

PhD докторантураға арналған құжаттар тізімі:

  1. Магистратураға құжаттар тізбесінде көрсетілген;
  2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  3. Педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларын меңгеру туралы негізгі дипломға куәліктің көшірмесі (бейіндік бағыттағы магистратураны бітірген үміткерлер үшін);
  4. Болжамды отандық ғылыми кеңесшімен келісілген Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі.

Мамандық бойынша емтихан: өткізу формасы, сондай-ақ білім беру бағдарламалары бойынша пәндер тізбесі Академиямен анықталады.

Шет тілінен емтихан: ағылшын, неміс немесе француз.

Халықаралық сертификаттары бар кандидаттар босатылады:

Ағылшын тілі: TOEFL ITP кемінде 337 балл; TOEFL IBT кемінде 60 балл; TOEFL кемінде 500 балл; IELTS кемінде 5,0 балл.

Неміс тілі: DSH( Niveau B2); Test Da F-Prufung (Niveau B2).

Француз тілі: TFI оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес; DELF В1 деңгейі; DALF С1 деңгейі; TCF кемінде 300 балл.

Байқау тестілеуі бойынша ақпарат: www.testcenter.kz

Қабылдаукомиссиясыныңмекенжайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16, индекс 021804.

Толығырақ ақпаратты Академияның сайтынан алуға болады www.academy-gp.kz.