Өзбекстан азаматы аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы кезінде ұсталды.

Өзбекстан азаматы аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы кезінде ұсталды.

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Өзбекстан азаматын 3,5 кг есірткі контрабандасы кезінде ұстады.

Аталған факті Сарыағаш ауданындағы «Жібек-Жолы» өткізу бекетінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында анықталған.

Белгілі болғандай, бұл азамат Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласынан Өзбекстан Республикасының Самарқан облысына бара жатқан. Есірткіні өз автокөлігінің артқы оң қаптау жағына жасырған жерінен қызметтік ит тапқан.

Сот сарапшының қорытындысына сәйкес алынған зат «каннабис шайыры» болып табылады және есірткінің ауыр түріне жатады, ол үшін 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыру көзделген.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды(Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы). Ұсталған азамат тергеу кезеңіне сот санкциясымен қамауға алынды.

Құрметті азаматтар, егер сіздерге тауарлар немесе тыйым салынған заттар контрабандасын дайындау не жасау белгілі болған жағдайда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметіне тәулік бойы: 8 (7172) 70-98-20 сенім телефоны арқылы немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік 10 мекенжайына жеке келіп хабарласуыңызды сұраймыз.  

Аумақтық Экономикалық тергеу қызметінің телефондары мен мекенжайлары www.kfm.gov.kz сайтында «Құқық қорғау қызметі» бөлігінде көрсетілген.