Алматыда заңсыз ойын бизнесіне қарсы туру жұмыстары жалғасуда.

Алматыда заңсыз ойын бизнесіне қарсы туру жұмыстары жалғасуда.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департамернті салық қызметімен, жергілікті полиция қызметі және аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып заңсыз ойын бизнесіне қарсы туру іс-қимылдары бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, Алматы қаласының 250 ден аса дүкендері мен сауда үйлерінде рейдттер жүргізілді. Аталған рейдттер нәтижесінде, ойын терминалдары анықталған ғимарат иелеріне қылмыстың алдын-алу мақсатында, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы туралы  хабарлама таратылды. Көлеңкелі айналымнан 100 ден аса ойын автоматтары тәркіленді. Көпнесе заңсыз ойын залдары Алматы қаласының сауда үйлерінде, супермаркеттерде, базарларда және азық-түлік дүкендеріне анықталған болатын.

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментімен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-әрекеттер тұрақты түрде жүргізілуде. Соңғы екі жылдың ішінде 250 ден аса ойын залдары, оның ішінде 64 электрондық казино, 8 астыртын казино және қалған айғақтар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша тіркелген қылмыстар болатын.

Сондай-ақ, заңсыз ойын бизнесін жүргізген 4 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталған болатын. Жалпы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 88 адам сотталып, оның үшеуі заңсыз ойын бизнесіне ғимаратты жалға бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Көлеңкелі айналымнан 24,5 млн.теңге және 700 ге жуық ойын автоматтары тәркіленген болатын.

Осыған орай, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласының ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің және дүкендерің басшыларына ҚР «Ойын бизнесі туралы» заң талаптарын сақтауға шақырады. (ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңының 11 бабына сәйкес, ойынханалар мен ойын залдары Алматы облысы Қапшағай су қоймасы және Ақмола облысы Щучий ауданында орналастурыға рұқсат берілген, Қазақстан аумағының басқа жерлерінде орналастырылған ойын залдары заңсыз деп танылады).

Егер Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғиамраттарды жалға берген айғақтар анықталған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес әкімішілік, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.