
Аталған іс-шара Астана күнін қарсаңында өткізіліп, 14 маусым – Дүниежүзілік донор күнін мерекелеуге орайластырылып отыр.
Бұл үшін Қан орталығы арнайы жабдықталған автобус пен дәрігерлер бөлді.
Барлығы 57 қызметкер жалпы көлемі 23 литр қан тапсырды.
Айта кететіні, осындай қайырымдылық шаралары барлық аумақтық органдарда өткізілді.