Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып Мұхаметкалиев Нүркен Жанболатұлы тағайындалды.

Оның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия және  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісілді.

Мұхаметкалиев Нүркен Жанболатұлының құқық қорғау және сот органдарында 24 жыл, оның ішінде 18 жыл басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі бар. Еңбек жолын прокуратура органдарында бастаған, сондай-ақ сот жүйесінде және экономикалық тергеу қызметінде жұмыс атқарған.