Қаржы мониторингі комитетінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі А.Смайыловтың қатысуымен алқа отырысы өтті.
Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Әбілқайыр Сқақов Экономикалық тергеу қызметінде өткен қайта құрудың нәтижелерін атап өтті және алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерді белгіледі.
ҚМК басшысының ақпараты бойынша Қызметтің штаттық саны 40% қысқартылып, басшылық құрамы 70% жаңартылған.
Бұл қызметкерлердің еңбек ақысының көбейуіне мүмкіндік береді, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі азаяды және Қызметке жоғары білікті мамандар тартуға септігін тигізеді.
Бар күш пен ресурстарды барынша жұмылдыру мақсатында аумақтық департаменттердің жұмысы негізгі үш міндеттерге шоғырландырылды:
көлеңкелі экономикадағы ірі схемаларды анықтау;
заңсыз ойын бизнесін жою;
мерзімдері үзілген қылмыстық істердің мұрағатын тазарту;
ЭТҚ жұмысы саннан сапаға қайта бағдарланғаны бизнеске деген қысымды 2 есеге төмендеуіне мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылы тіркелген қылмыстық істердің саны 2 061-ден 972-ге дейін қысқартылды. Бұрынғы жылдары қозғалып, ұзақ уақыттан бері шешімін таппай жүрген 349 қылмыстық іс тоқтатылды.
Бұл ретте, мемлекетке елеулі залал келтірген, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалған қылмыстарды анықтауға ерекше назар аударылған.
Жалған қаржы операциялары мен заңсыз ойын бизнесімен айналысқан 7 ҰҚТ қызметінің жолы кесілді.
Бюджеттік сала мен квазимемлекеттік сектордағы маңызды қылмыстарды ашу бағытында күш салынуда.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шотынан 160 млн. теңге ұрлаған «Астана банкі» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Увалеев әшкерленді.
Маңғыстау облысында «нейлонды қабыршақ» тауары деп Иран Ислам Республикасынан 1,2 млрд.теңгені құрайтын 8,3 млн. қорап көлеміндегі темекіні жасырын кіргізудің ірі арнасының жолы кесілді.
Қолдан жасалған ішімдік өнім шығаратын 8 цех анықталды, 144 мың жасанды есепке алу-бақылау маркалары, есепке алынбаған 9 мыңнан астам бөтелкелердегі ішімдік өнімдері және 21 мың литр спирт заңсыз айналымнан алынды.
172 ойын орындары, оның ішінде 15 астыртын казино қызметінің жолы кесілді, 5 мың бірлікті құрайтын ойын автоматтары мен терминалдар алынды.
Адал кәсіпкерлердің кызметіне араласпай, көлеңкелі саладағы маңызды қылмыстарды ашу үшін ЭТҚ құрылымында арнайы талдау бөлімшесі құрылды. Оның басты мақсаты түрлі ақпарттар көздеріне қашықтықтан мониторинг жүргізу арқылы қылмыстық схемаларды анықтау болып табылады.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Алихан Смайыловпен ЭТҚ басшылығына белгіленген бір қатар басымды міндеттер қойылды: