
Акцияның мақсаты – көп балалы жанұялардағы, көмек қажет ететін отбасыларына жаңа оқу жылы қарсаңында көмектесу болып табылады.
Бұндай акцияның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Департаменттің қызметкерлері көп балалы отбасыларына көмек көрсету мақсатында іс-шараға белсенді қатысты.
Ағымдағы жылдың 14 тамызында Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Алматы қаласындағы көп балалы отбасыларына арналған «Бақытты отбасы» қоғамдық ұйымына барды.
Нәтижесінде, көмек қажет ететін 11 отбасының балаларына мектепке қажетті киімдер мен канцеляриялық тауарларды қамтамасыз етті.