
2021 жылғы 23 желтоқсанда Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) Қазақстанның Өзара бағалауының екінші раунды қарсаңында қаланың барлық құқық қорғау органдарының басшыларын біріктірді.
Алдағы жылдың наурызынан бастап Қазақстанның жылыстатуға қарсы жүйесінің ФАТФ халықаралық стандарттарына сәйкестігіне Өзара бағалау жүргізетін ЕАТ сарапшыларының көшпелі миссиясының жұмысы Алматы қаласынан басталмақ.
Агенттік төрағасы Жанат Элиманов атап өткендей, қылмыстық кірістерді анықтау және тәркілеу бойынша құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігіне ерекше назар аударылады.
Бұл ретте, қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимылдың тиімді тәсілі параллель қаржылық тергеу жүргізу болып табылады.
Мұндай тергеулердің мақсаты - қылмыстық кірістердің қозғалысын анықтау, қылмыстық активтерді мемлекет пайдасына қайтару және тәркілеуді қамтамасыз ету.
Кеңес барысында құқық қорғау органдарының басшылары АҚШ, Ұлыбритания, Израиль және Еуроодақ елдерінде параллель қаржылық тергеулер жүргізудің оң тәжірибесімен танысты.
Сонымен қатар осы бағыттағы Агенттіктің жұмыс нәтижелері ұсынылды.
Бүгінде 30 қылмыстық іс бойынша қылмыстық жолмен алынған 2,1 млрд. теңгеге мүлік тәркіленді.
Қорытындылай келе, құқық қорғау органдарына қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл саласында жұмыс тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсынымдар берілді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі