
2022 жылы Қазақстан ФАТФ (Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы) ұсынымдарына сәйкес кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) Өзара бағалауының екінші раундынан өтуі тиіс.
Мұнда кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесі, сондай-ақ оның жұмыс істеу тиімділігі бағаланатын болады.
Осыған байланысты 2021 жылғы 22 желтоқсанда Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшылығының банктер, сақтандыру секторы, МҚҰ өкілдерімен және бағалы қағаздар нарығына қатысушылармен кездесуі өтті, онда Өзара бағалау қарсаңында бірлескен жұмыс аспектілері түбегейлі талқыланды.
Кеңес барысында ҚМА төрағасы Жанат Элиманов Қазақстан ЕАТ-қа атқарылған жұмыс туралы алдын ала есептерді ұсынғанын хабарлады.
Жақын арада халықаралық сарапшылардан баса назар аударылатын болжамды мәселелер күтілуде, оларға қаржы секторының өз күш-жігерін шоғырландыру міндеті алағ қойылған.
Атап айтқанда, ол клиенттерді тиісінше тексеру және заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерін айқындау жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Қабылданған шаралар қаржы институттары мен өзге де экономикалық құралдарды құқыққа қарсы мақсаттарда жосықсыз пайдаланудан қосымша кедергі болады.
Сонымен қатар, кеңесте Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Кездесуде қатысушылар қаржы пирамидалары бойынша үйлесімді жұмысты жалғастыруға келісті, бұл қаржылық барлауға биылғы жылы ғана құқық қорғау органдарына 60-тан астам материал тапсыруға мүмкіндік берді. Осы ақпарат негізінде азаматтардың қаражатын ұрлауға бағытталған ауқымды схемаларды ертерек тоқтатуға мүмкіндік туды.
Кеңес қорытындысы бойынша Жанат Элиманов Өзара бағалау процесіне тартылған барлық қаржылық мониторинг субъектілеріне қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі