Қаржы мониторингі агенттігі мен банктердің ынтымақтастығы ақшаны жылыстатуға қарсы күресті жақсартуға мүмкіндік берді

Қаржы мониторингі агенттігі мен банктердің ынтымақтастығы ақшаны жылыстатуға қарсы күресті жақсартуға мүмкіндік берді

Дүниежүзілік банк PricewaterhouseCoopers халықаралық қаржы корпорациясымен бірлесіп жүргізген Paying Taxes 2020 зерттеуіне сәйкес, Қазақстан әкімшілендіру және салық жинау тәсілдері бойынша әлемнің 190 елінің арасында 64-орынды иеленді.

Мемлекет бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасағанына қарамастан, жекелеген салық төлеушілер салық төлеуден жалтару мақсатында әртүрлі "сұр" схемаларға жүгінеді.

Жалған шот-фактураларды жазып беру салық төлеуден жалтарудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады.

Бұдан басқа, ұрланған бюджет қаражаты "қолма-қол ақша" компаниялары арқылы көлеңкелі айналымға шығарылады.

Бұл қылмыстар көбінесе мемлекетке үлкен залал келтіре отырып, ҰҚТ құрамында жасалады.

Бұл ретте табысты жылыстатуға байланысты тіркелетін қылмыстық істердің үшінші бөлігі жалған шот-фактураларды жазып беруге және салық төлеуден жалтаруға тура келеді.

Қылмыс заңсыз түрде үлкен пайда әкеледі, ол кейіннен бизнесті ұйымдастыру және кеңейту, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу арқылы заңдастырылады.

Кейбір жағдайларда контрабанда мемлекеттік органдар қызметкерлерінің көмегімен заңсыз сыйақы үшін жасалады. Сыбайлас жемқорлықтан түскен ақша да жария етіледі.

Қылмыстық қолма-қол ақшаға қарсы іс-қимылда ҚР Қаржы мониторингі агенттігімен тығыз жұмыс істейтін екінші деңгейдегі банктер бірінші майдан болып табылады.

Ынтымақтастық күдікті қаржылық операциялар бойынша деректерді өзара алмасуға негізделген.

Қабылданған шаралармен соңғы 5 жылда алғаш рет ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейі 38%-ға (2,5-тен 1,5 трлн. теңгеге дейін) төмендетілді.

Бұдан басқа, кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша банктердің рейтингі енгізілді.

Аралық нәтижелер Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Ермек Оспановтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 6 желтоқсанда агенттік пен банктердің комплаенс қызметтерінің жұмыс кездесуінде қорытындыланды.

Бұл рейтинг банктерге клиенттерді бақылау және тексеру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Өз кезегінде Агенттік өкілдері қылмыстық кірістерді жылыстатуға байланысты күдікті операцияларды анықтаудың жаңа критерийлерін енгізуді ұсынды.