
Өз қызметінде жобалық менеджмент әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қолдауға, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруға, көшбасшылық пен жаңа құзыреттерді дамытуға бағытталған «Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы аяқталды.
300 қатысушы арасында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі «Үздік жоба менеджері», «Жылдың Үздік жобалық кеңсесі», «Жылдың үздік жобасы» үш негізгі номинация бойынша финалистер тізіміне енді.
Қатысушылардың жобалық қызметін бағалауды ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық жобаларды іске асыру мониторингі жөніндегі кеңсенің, қазақстандық жобаларды басқару қауымдастығының, PMI Kazakhstan Chapter, ЮНИСЕФ, ҚР СПМ өкілдері, сондай-ақ жобалық менеджмент бойынша халықаралық судьялар мен ассесорлар жүргізді.
3 желтоқсанда финалистер өз презентацияларын қорғады, ал 4 желтоқсанда қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.