
Заңсыз ойын бизнесінің қауіпті салдарының бірі - құмар ойындарға психикалық тәуелділіктің дамуы.
Бұл ретте, Интернет желісі арқылы жеке тұрғын үйде құмар ойындарды өткізу деректері жиілеп кетті, олар кез келген жастағы және әлеуметтік санаттағы ойыншыларға қолжетімді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырғаны үшін облыс тұрғыны Е.Балайхановты ұстады.
Азамат Е.Балайханов өз пәтерінде «Lima» бағдарламасы бойынша Интернет арқылы лотерея ойындары түріндегі дербес компьютерлерді орната отырып, заңсыз ойын мекемесін ұйымдастырды.
Әрі қарай ол азаматтардан ұтыс тігу сомаларын алып, заңсыз пайда тауып отырған.
Ол 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.
Алынған заттай дәлелдемелер жойылды.
Құрметті азаматтар! Егер Сіз заңсыз ойын мекемелері немесе орнатылған ойын автоматтары туралы ақпаратқа ие болсаңыз, әлеуметтік желілердегі Агенттіктің ресми аккаунттарына фотосуреттер мен деректерді жібере аласыз:
Facebook - https://www.facebook.com/afm.rk/
Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі