Атырау облысында мемлекетке 700 миллион теңге көлемінде залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Атырау облысында мемлекетке 700 миллион теңге көлемінде залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды



Қаржылық мониторинг агенттігі қаражатты криминалдық қолма-қол ақшаға айналдырудың кезекті дерегін анықтады.

Агенттіктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында Н.Дәулетьярованың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері үлестес компаниялар – «Атырау Инвест Групп» ЖШС, «БР-Групп» ЖШС, «Ербек-компани» ЖШС атынан 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде облыс кәсіпорындарына жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша заңсыз қызметті жүзеге асырды.

Осылайша, компанияларға 715 миллион теңгеден астам сомаға бюджетке салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен.

Бас ұйымдастырушы Н.Дәулетьярова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, оның сыбайластары Р.Баткаев пен Б.Жүсіпов тиісінше 5 және 5,5 жылға сотталды.

Бұл адамдар 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару, сондай-ақ бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram