Жамбыл облысында ойын аппараттарын заңсыз орнатқаны үшін ауыл тұрғыны сотталды

Жамбыл облысында ойын аппараттарын заңсыз орнатқаны үшін ауыл тұрғыны сотталды



Қазақстанда заңды бизнес түрінде электрондық казино және ойын автоматтары жұмыс істейді, олардың қызметіне «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңына сәйкес тыйым салынған.

Құмар ойындарды заңсыз ұйымдастыру қылмыстық жауапкершілікке әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың психикалық денсаулығына зиян тигізеді.

Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 1984 жылғы Луговое ауылының тұрғыны Д. Кемелбековтың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын анықтады.

Тергеу барысында азамат Кемелбеков азық-түлік дүкенінен орын жалдап, сертификатталған «Lotomatic» терминалдары түрінде 3 ойын аппаратын заңсыз орнатқаны анықталды.

Д.Кемелбеков сотталды, аппараттар оларды жою үшін мемлекет кірісіне айналдырылды.

Жалпы 2021 жылдың басынан бері Жамбыл облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 дерегінің жолы кесілді.

Жалған терминалды шынайыдан ажырату үшін телефон ғана жеткілікті.

Біріншіден, Lotomatic.kz сайтында картада мекенжайы көрсетілген Lotomatic ресми лотерея терминалдарының тізімін ашыңыз.

Екіншіден, аппараттағы QR-кодты сканерлеңіз, тексеру нәтижесінде «Терминал сертификатталған» деген жазу шығуы тиіс.

Егер Сіз заңсыз ойын аппараттарын үйіңіздің немесе болатын жеріңіздің жанынан тапсаңыз, Агенттіктің +7 (7172) 70-84-78 сенім телефонына немесе әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Facebook - https://www.facebook.com/afm.rk/

Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram